Шымкентте «Жастар» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
19.11.2024 09:40
296
Шымкентте "Жастар" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 9:00-ден 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.
"Жастар" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 35 жасқа толмаған (34 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының азаматы; ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен (147 680) кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
- өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы; өтініш берушінің отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында тұрақты тіркеуінің болуы;
- өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), балалары (бар болса) апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы;
- тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы.
Пәтер саны – 900. 1 бөлмелі – 238; 2 бөлмелі – 412; 3 бөлмелі – 250. Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан. Жастар бағдарламасына қатысушылар kezekte.kz электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-ның бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты
Келесі жаңалық
Харбиндегі қысқы Азиадаға ШҚО-дан 15 спортшы қатысады