Шымкентте жас жігіт терең шұңқырға құлап кеткен
07.10.2024 10:56
Фото:
ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
Шымкентте ТЖМ құтқарушылары терең шұңқырға құлаған адамға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең 20 жастағы ер адам тереңдігі үш метр болатын шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмаған. Оқиға Шымкент қаласы Қаратұз ауданында болған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оны шұңқырдан шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - делінген мәліметте.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

