youtube.com/ЭльдарНерязанов

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам қайтыс болды

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Алматыға баратын тасжолда болған.

Алдын ала болжам бойынша, көліктің дөңгелегі жарылып, салдарынан ол аударылып қалған, - дейді оқиға куәгерлері.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 наурыз күні Алматы – Шелек – Қорғас трассасының 108-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, SsangYong Rexton көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, көлік құралын басқара алмай, ол аударылып қалған. Апат салдарынан жолаушы қаза тапты. Тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, - делінген полиция дерегінде.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.