Шымкентте үндістандық студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
04.04.2025 12:16
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Шымкентте үндістандық студенттің өліміне байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Шымкентте Үндістаннан келген медициналық академия студентінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты тергеу басталған.
2025 жылдың 4 сәуірінде полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Медициналық сарапшылардың алдын ала мәліметіне сәйкес, студенттің өліміне кенеттен жүрек тоқтауы себеп болуы мүмкін. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, - делінген полиция жауабында.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

