Шымкентте ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады
02.01.2025 10:44
Фото:
Видеодан кадр
Әл-Фараби ауданында Анарова көшесінде алты қабатты тұрғын үйде 2 қабаттағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Жедел келген өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 7 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

