©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, үш адам эвакуацияланды

17.11.2024 21:39

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде үш адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Шымкент қаласындағы Молдағұлов көшесінде үшінші қабаттағы тұрғын үйдің кіреберісінде электр сымдары жанды.

ТЖМ қызметкерлері түтін аймағынан баспалдақ маршымен үш адамды эвакуациялады.  Өрт жедел түрде сөндірілді. Жанған өнімдердің иісінен уланған 1994 жылы туған тұрғын ауруханаға жатқызылды, - делінген мәліметте.