Жаңалықтар

Шымкентте теннис орталығынан құны 1 миллион теңгенің техникасын ұрлап кеткен

Шымкентте теннис орталығынан құны 1 миллион теңгенің техникасын ұрлап кеткен
Фото: Видеодан кадр 04.09.2023 14:40 1171

Шымкентте теннис орталығынан құны 1 миллион теңгеден асатын техниканы ұрлаған рецидивист ұры ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұрланған ноутбуктер мен смартфондар елордадан теннис турнирін өткізуге келген комиссия мүшелеріне тиесілі болып шықты.

Бейнекамералардағы жазбаларды зерделеу кезінде, қаскүнем теннис ойнауға келгендей, спорт орталығына емін-еркін кіргені және ашық тұрған қызметтік бөлмеден қымбат техниканы қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.

Күдікті - бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғыны. Азаматтың тағы 7 ұрлық фактісіне қатысы бары анықталды.

Күдікті тағы бір ұрланған смартфонды кездейсоқ сатып алушыларға өткізу үстінде ұсталды.

Ол бір ай ішінде өзгенің 4 ұялы телефонын, ноутбук пен 2 ойын приставкаларын иемденген. Жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам шығын емдеу орталығының, интернет-клуб және стоматологияның жұмысшылары мен шаштаразға келтірілген.

188-баптың 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам қамауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға