Шымкентте «Сүйекші» трагедиясы сахналанады
26.09.2023 13:32
Фото:
Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры
«Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» МКҚК Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек ері Дулат Исабековтің «Сүйекші» трагедиясын Шымкент тұрғындарының назарына ұсынбақ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қойылымның премьерасы 28, 29, 30 қыркүйек күндері сағат 18:30-де өтеді.
Көрермен сатира театрының тарланы, атақты әзілкеш, ҚР Мәдениет қайраткері Жүсіп Ақшора алғаш рет трагедия жанрында көреді. Ол сахнада бастан-аяқ жалғыз өзі моноспектакльде ойнап шығады.
Қоюшы режиссер: Ғазиз Арынов
Сүйекші рөліндегілер: Жүсіп Ақшора, ҚР Мәдениет қайраткері, Садық Жақыпов, ҚР Мәдениет саласының үздігі
Қоюшы суретші: Жомарт Дүйсебеков
Сазбен әрлеуші: Дәулет Орынбаев
Киім үлгісін жасаушы: Ержан Досанов
Театрдың көркемдік жетекшісі: Арман Алиев
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

