Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді
07.08.2023 11:32
Фото:
© Polisia.kz
Шымкентте самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Жігіттен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.
Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

