Шымкентте Республика күніне орай 4 мәдениет үйі ашылды
Республика күніне орай Шымкенттегі Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Базарқақпа, және Өтеміс тұрғын алаптарында төрт жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала басшысы жаңа нысандардың ашылуына қатысып, нысанардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар тұрғындарды алдағы мереке Республика күнімен құттықтады.
Мәдениет үйлері түрлі іс шаралар ұйымдастыратын, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орынға айналады.Мәдениет саласы - басым бағыттардың бірі. Мемлекет жаңа шығармашылық алаңдар құруды және дарынды жастарды қолдау жұмыстарын жалғастырады, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, шаһар басшысы тұрғындарды оқуға, өнерге, спортқа және салауатты өмір салтын ұстануына, балаларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлуге шақырды.
Балалардың гаджеттерге жұмсайтын уақытын шектеу және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау өте маңызды. Олармен бірге кітап оқып, пікір бөліскеніміз - болашағымыз үшін игі қадам, - Ғабит Сыздықбеков.