Жаңалықтар

Шымкентте қыз алып қашқан жігіт 4 жылға сотталды

Шымкентте қыз алып қашқан жігіт 4 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.04.2024 14:59 917

Маңғыстау облысының тұрғынына адам ұрлағаны үшін 4 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңаөзендік азамат Instagram арқылы Шымкенттің тұрғынымен танысады да,  үйлену мақсатында қызды Байтұрсынов көшесінің бойынан алып қашып, Маңғыстау облысы бағытына шыққан.

Жігітке қатысты қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі (адам ұрлау) бойынша іс қозғалды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, оқиға болған жерде түсірілген видеоны тексеру актісімен, сотталушының өз кінәсін мойындауымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Оған ҚР қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға