Жаңалықтар

Шымкентте қымбат арақты қолдан жасаған цех анықталды

Шымкентте қымбат арақты қолдан жасаған цех анықталды
Фото: pixabay.com 28.08.2024 13:42 337

Шымкент қаласында қымбат арақтарды өндірген жерасты цехі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Оның айтуынша, қалалық әділет және полиция департаменттерінің қызметкерлері бірігіп, контрафактілік өнімдерді өндірумен айналысқан күдіктіні анықтады. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы бойынша іс қозғалды.

Тексеру барысында жерасты цехында спирттік ішімдіктерді құюға арналған құтыда, шығу тегі белгісіз 3 000 литр сұйықтық, сүзгі, құю жабдықтары, «Absolut» тауар белгісі бар 720, «Зеленая марка» тауар белгісі бар 1 400 дана бөтелке қақпақтары тәркіленді, - деді Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта әкімшілік істің материалдары сотқа жіберілді. Әділет министрлігі қазақстандықтарды контрафактілік өнімдерді тұтынудан аулақ болуға шақырады. Контрафактілі өнімдердің құрамында адам денсаулығына зиян келтіруі ықтимал түрлі улы заттар болуы мүмкін екендігін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға