Шымкентте құрылыстан шыққан өрт сөндірілді
21.07.2025 23:42
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Шымкентте құрылысы жұмыстары кезінде бірнеше қабатты пайдалануға берілмеген ғимараттан өрт шықты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Мегаполистің Абай ауданындағы Абылай хан көшесінде салынып жатқан 12 қабатты ғимараттың бірінші қабаты отқа оранды. Өрт 180 шаршы метр алаңдағы ағаш құрылыс материалдарын шарпыған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынның ары қарай таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

