Шымкентте құбырдан ақау шығып, 1,5 мың тұтынушы газсыз қалды
04.02.2024 01:04
Фото:
© Pixabay.com
Шымкенттегі Мәртөбе елдімекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны орын алып, ондағы тұрғындар газсыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Газ саласы мамандарының мәліметінше, ақау 3 қаңтар кешкі сағат 21:45 шамасында анықталған. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.
Ақауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 жұмысшы жұмылдырылған. Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.
Қала әкімдігі қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын алға тартты. Осы ретте жауаптылар тұрғындардан газ крандарының жабық болуын қадағалауларын сұрайды. Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз:
- Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбыры салынады
- Қарағандыда газ баллоны жарылып, 6 адам үйінді астынан шығарылды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

