Жаңалықтар

Шымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды

Шымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды
Фото: © Polisia.kz 07.09.2023 14:38 1212

Шымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында отбасылық жанжалдан кейін 15 жастағы баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізді. Азаматшаның айтуынша мұндай жағдайлар бұған дейін бірнеше рет қайталанған. Алайда ол бұл туралы полицияға шағым түсірмепті. Осы жолы баласының үйден кетуіне анасының мопед алып бермеуі себеп болған.

Жасөспірім кетер алдында ақ параққа анасын жақсы көретінін, оған жақсы бала бола алмағандығын, енді мұндай қателіктер қайталанбайтынын, тек мопед айдап бақытты болып жүргісі келгенін жазып көрсеткен.

Жоғалған баланы жедел-іздестіру жұмыстарына Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Бейнекамералар мен жасөспірімнің баруы мүмкін жерлер, сауда нүктелері мен қала көшелері тексерілді.

Бір жарым тәулікке жалғасқан іздеудің нәтижесінде тәртіп сақшылары ер баланы қаладағы тастанды үйлердің бірінде жасырынып отырған жерінен тапты.

Полицейлер жеткіншекпен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, ақымақтыққа бармау туралы ескертті. Ал әбден уайымға салынған ана погонды қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға