Жаңалықтар

Шымкентте қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

Шымкентте қаржы пирамидасының басшылары ұсталды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 05.09.2023 09:50 1017

Қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша "ПК Asar Baspana" компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.

Залал сомасы 700 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз, - делінген ҚМА хабарламасында.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға