Жаңалықтар

Шымкентте қариялардың семинары өтті

Шымкентте қариялардың семинары өтті
Фото: muftyat.kz 27.03.2025 06:28 404

Шымкент орталық мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында қалалық Құран секторының ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының құрметіне Қари-ұстаздардың рухани семинары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семинарға  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов, Камилжан қари Садықов, және аудан бас имамдары мен қарилар қатысты.

ҚМДБ мәліметінше, басқосу аясында елімізге белгілі қари-ұстаз, «Ықылас» қарилар орталының ұстазы Камилжан қари Садықов, ардагер имам Бекайдар Әміре барша қари-хафыздарға қарилық жолды ұстану һәм амал ету туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ, Түркия дін істер басқармасымен Мүфтият арасында екіжақты келісім негізінде келген Шакир Өзжан мен мысырдан келген Ахмат Камал қарилар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, қазақ еліне алғыстарын жеткізді.

Семинардың мақсат – қасиетті Рамазан айында тарауық намазында Құран Кәрімді толық оқып жатқан қариларға алғыс айтып, құрмет көрсету болып саналады. Биылғы жылы шаһар бойынша 150 қаридың қатысуымен 73 мешітте Құран хатым оқылды», – деді шаһар бас имам БақдәулетНұрматұлы.

Рухани шара соңында бабалар рухына Құран хатым оқылып, дұға жасалды. Сондай-ақ, барлық қариларға өкілдіктің арнайы Алғыс хаты табысталып, сый-құрмет жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға