Шымкентте полиция бөлімінің бастығы мен тергеушісіне пара алды деген айып тағылды
30.05.2023 10:15
Фото:
© Polisia.kz
Шымкентте полиция бөлім бастығы мен тергеуші қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Күдіктілерге алдын ала сөз байласу арқылы қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды. Олар, жасаған қылмысын толықтай мойындады.
Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

