Шымкентте полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған қызды аман алып қалды
19.02.2024 19:06
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Шымкентте қызды құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына жазылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-ге сілтеме жасап.
4-қабаттың терезесінде отырған жас қыз туралы полицияға куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына бірнеше минут өте патрульдік полиция полкінің экипаждары жетті.
Тәртіп сақшылары көпқабатты үй кіреберісінің терезесіндегі қызды байқап, оның өміріне араша түсуге жедел шара қабылдаған. Сол сәтте екі инспектор сыртта қалып, қызды әңгімеге тарта бастайды. Осы уақытта қалған екі офицер ғимаратқа кіріп, қажетті қабатқа көтеріліп, қыздың назары ауғанын пайдаланып, полицейлер оны ішке қауіпсіз жерге тартып алды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

