Жаңалықтар

Шымкентте полицейлер әйелді порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген

Шымкентте полицейлер әйелді порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген
Фото: © Pixabay.com 16.02.2024 11:10 1251

Шымкентте полицейлер жас келіншекті порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Экс-шенділер қылмыстық іс бойынша тергеуші және жедел-тергеу тобының мүшелері болған. Оtyrar.kz мәліметінше тергеп-тексеру нәтижесінде жәбірленуші жалған атпен модельдік агенттікте тіркелгені, оның әлеуметтік желілерде порнографиялық бейне және фотосуреттері бар екені анықталған.

Сотталушылар материалдарды жәбірленушінің ата-анасына жіберіп, ал өзін қамауға аламыз деп қорқытқан. Сотталушыларға лауазымды тұлғалар тобында бопсалау арқылы пара алғаны үшін ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша айып тағылды.

2023 жылғы 06 желтоқсанда Шымкент ҚПД-нің ғимаратындағы қызметтік бөлмеде жәбірленушіден 300 000 теңгені пара ретінде алған.

Кінәлі тұлғаларға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігі талабына сай, параның 35 еселенген мөлшерінде әрқайсына 10 500 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Сотталушылар полиция майоры мен полиция лейтенанты шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға