Жаңалықтар

Шымкентте отбасы институты мәселелері жан-жақты талқыланған республикалық форум өтті

Шымкентте отбасы институты мәселелері жан-жақты талқыланған республикалық форум өтті
27.10.2018 07:34 1543

Шымкентте «Жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиелеудегі Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында республикалық форум өтті.  

Отбасы институты мәселелері жан-жақты талқыға түскен іс-шраны ҚР өзбектері этномәдени бірлестігі «Дустлик» қауымдастығы жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды.

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Шанай, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, ҚР өзбектері «Дустлик» этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов және Аналар кеңесінің белсенді мүшелері қатысып, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды.

«Елбасы Жолдауында айтылғандай, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – бұл отбасы бақытына назар аудару. Биылғы Жолдауда аналарға, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Жолдаудың нәтижелі болуы сіз бен бізге байланысты.  Аналар кеңесінің құрылғанына 5 жыл болды. Бүгінге дейін аналар кеңесінің саны 200-ге жуықтады. Енді санға емес, сапаға көңіл бөлейік»,- деді Нәзипа Ыдырысқызы.

Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов ұрпақ тәрбиесінде кешігуге болмайтынын, тәрбиені бесіктен бастау керек екенін атап өтті.

Жиынға қатысушылар сонымен қатар, ұлттық бірлікті қалыптастырудағы отбасылық құндылықтардың рөлін арттыру, жастар арасында адамгершілік құндылықтарды дамытуда ұлттық мәдениеттің маңызын түсіндіру, салт-дәстүрімізге сай жастарды тәрбиелеу секілді мәселелерді талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға