Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық турнир өтеді
![Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық турнир өтеді Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық турнир өтеді](/storage/storage/element/2024/06/08/mainphoto/107116/1200xauto_1u0V59RqWZ0PZZ36f9NLnyGVbLKyGNbukJTgrjHv.jpg)
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД
08.06.2024 09:19
518
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен 2024 жылғы 10-15 маусым аралығында Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының кубогына VII турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Турнирге еліміздің 300-ге жуық спортшылары қатысады. Жарыс төрт дисциплина бойынша өтеді: шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100 м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.
Турнир Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында және Темірлан тасжолы 18 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған жасақ аумағында өтеді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)