Шымкентте өрт шыққан үй тұрғындары жаңа баспаналы болды
04.07.2025 08:40
Фото:
Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков өрт шыққан екі қабатты үй тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айта кетсек, өткен айда 1-мамыр көшесіндегі екі қабатты тұрғын үде өрт шығып, 19 пәтердің 11-і жарамсыз болған еді. Салдарынан бірнеше отбасы баспанасыз қалды.
Осы жағдайға байланысты қала басшысы жуырда жергілікті тұрғындармен кездесіп, онда баспанамен қамту мәселесі оңтайлы шешілетінін айтқан еді. Зардап шеккен тұрғындарға жанып кеткен пәтерлердің орнына "Шымкент Сити" және "Тұран" шағынаудандарынан тең құнды жаңа пәтерлер ұсынылған.
Қаланы аралау барысында шаһар басшысы азаматтардың қуанышына ортақтасып, жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін жеткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

