Жаңалықтар

Шымкентте неке түні қалыңдығын өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Шымкентте неке түні қалыңдығын өлтірген ер адам 9 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 23.05.2023 06:35 1130

Шымкентте алғашқы неке түні қалыңдығын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, сот оны 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен айып тағылған айыпқа сәйкес, оның қылмыс жасаудағы кінәсі расталып отыр. Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Жаналиевке қатысты сот үкімі шықты. Ол некесін қидырған түні өліме әкеліп соққан жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтірді деп танылды. Оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Еске салайық, былтыр 26 маусымда Д. Қонаев гүлзарындағы пәтерден 32 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Марқұм әйел Н. Назарбаев зияткерлік мектебінде мұғалім боп жұмыс істеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға