Жаңалықтар

Шымкентте нәресте өлімі 20,6 пайызға азайды

Шымкентте нәресте өлімі 20,6 пайызға азайды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.06.2023 12:41 806

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы ОКҚ алаңында есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен қолжетімділікті арттыру екенін атап өтті.

Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасымен жарақтандыруға 19 млрд.теңге бағытталып, қамту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Бүгінгі күні саладағы жан басына қаржыландыру жүйесі оң нәтиже беруде. Соңғы 4 жылда 12 жеке емханалар ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды, - дейді Мұрат Әйтенов.

Сондай-ақ қалада жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылып, қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысында анықтап, алдын ала емдеуге мүмкіндік көбейгенін атап өтті.

Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа емхана ашылды.

Осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, жыл басынан жалпы өлім көрсеткіші 8%-ға (2022ж. – 1741; 2023ж. – 1604), нәресте өлімі 20,6% - ға төмендеді (2022ж. – 122; 2023ж. – 97). Ана өлімі тіркелмеген (2022ж. – 7,9; 2023ж. - 0), - деді әкім.

Сонымен бірге, 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана және жеке инвесторлардың есебінен                      800 орындық  клиниканың құрылысы және                                 6 медициналық орталық ашу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға