Жаңалықтар

Шымкентте медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады

Шымкентте медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады
Фото: El.kz 20.03.2023 17:00 1494

Шымкентте дәрілік нысандарды әзірлеумен, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізумен, экстракциялау технологияларын, сапаны бақылау, стандарттау әдістемелерін қолданумен айналысатын инновациялық компаниялар тобынан медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өңір аумағында өндірістік алаңдар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі – ОҚМА-да шоғырлануына байланысты Шымкент қаласы медициналық-фармацевтикалық кластер құру үшін ең ұтымды орын болып табылды.

Өңірде Оңтүстік Қазақстанның толық циклді фармацевтикалық кластері табысты жұмыс істеп жатқаны белгілі, бұл кластер 2024 жылдан бастап қоса қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауға ие болады, оны профессор Бекайдар Нұрмашев басқарады, сондықтан Шымкентте медициналық-фармацевтикалық кластерді дамыту үшін маңызды артықшылықтар бар: білікті кадрларды даярлау жүйесі, өткізу бойынша серіктестер, сервистік және инфрақұрылымдық қолдау. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы қиын жағдайда әр мемлекет өзі үшін жауап беретінін көрсетті. Сондықтан отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселесі елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселесі болып табылады, - деп атап өтті Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметнияз.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 50%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты елімізде Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында үш медициналық-фармацевтикалық кластер құру жоспарлануда, бұл импортқа тәуелділікті едәуір қысқартады және ҚР Ұлттық дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға