Жаңалықтар

Шымкентте мас тұрғын полицейге пышақпен шабуыл жасады

Шымкентте мас тұрғын полицейге пышақпен шабуыл жасады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.09.2023 18:00 800

6 қыркүйек күні кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекен-жайға барды. Жергілікті тұрғын оны күйеуі оны ұрғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көрді. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған.

Полиция қызметкері әріптесінің көмегімен қаскүнемнен қаруды алды.

Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі “Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану” бойынша тіркеді.

Белгілі болғандай, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.

Ер адам қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға