Жаңалықтар

Шымкентте лицей оқушылары ашық сот отырысына қатысты

Шымкентте лицей оқушылары ашық сот отырысына қатысты
Фото: Шымкент қалалық соты 11.10.2024 22:08 505

Шымкентте №1 техникалық лицейдің оқушылары қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өткен есірткі қылмысы бойынша ашық сот отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық соттағылар бұл шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сана мен тәрбиені көтеру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

Оқушылар ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған М.-ға қатысты ашық сот отырысына қатысты. 

Сот отырысы аяқталған соң оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы сұрақтар талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Кездесу кезінде істі қараған судья, прокурор және адвокат оқушыларға заң саласына қатысты кеңестерін айтып берді. Сотқа қатысқан 23 оқушының 9-ы болашақта заңгер болғысы келетінін айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға