Жаңалықтар

Шымкентте лауазымды тұлғалар ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Шымкентте лауазымды тұлғалар ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: sotreport.kz 13.03.2023 13:22 1026

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген.

Қалалық мемлекеттік ішкі аудит департаменті аудиторының қорытындысы бойынша келтірілген залал сомасы – 68 млн 800 мың теңге. Тергеу амалдары жалғасуда, - делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға