Жаңалықтар

Шымкентте күйеуін пышақтап тастаған үш әйел сот алдында жауап берді

Шымкентте күйеуін пышақтап тастаған үш әйел сот алдында жауап берді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 20.02.2024 16:00 4911

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдерінің мәліметінше, былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотқа 13 адам келген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Олардың ішінде үш әйел бар.

Мас күйінде ерлі-зайыптылар ұрысады, тіпті әйелдері күйеулеріне пышақ сұғып алған жағдайлар болған. Мұндай үш жағдай тіркелді. Бәріне ішімдік кінәлі деп санаймыз, - дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері елде тұрмыстық жанжал туралы төрт мыңнан аса хабарлама тіркелген. Агрессорлардың көпшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Отбасылық қақтығыстардың себептері маскүнемдік, лудомания, моральдық және этикалық қағидалардың бұзылуы екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға