Шымкентте көше қиылысында тұрған көлік толығымен жанып кетті
20.06.2023 13:18
Фото:
Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Шымкентте көше қиылысында тұрған көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Абай даңғылы және Гагарин көшелерінің қиылысында болды. Жол үстінде «Hyndai Sonata» маркалы көлік толығымен өртке оранды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Тек, өрт салдарынан көлік ішіндегі құжаттар түгелімен жанып кетті.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт 8 минутта толығымен сөндірілді - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Көпқабатты үйлерде өрт сөндіруші көліктің қозғалысын қиындататын кедергілер көп екені хабарланды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

