Жаңалықтар

Шымкентте көпқабатты үйлердің жер сілкінісіне төзімділігі тексерілді

Шымкентте көпқабатты үйлердің жер сілкінісіне төзімділігі тексерілді
Фото: gov.kz 15.03.2023 15:10 1183

Шымкентте вибродинамикалық сынақтар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ИИДМ-ге сілтеме жасап.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары BKN GROUP құрылыс компаниясының тапсырысына сәйкес Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатты фрагментіне тербелісті-динамикалық, сондай-ақ статикалық сынақтарды жүргізуді қолға алды, - делінген ақпаратта.

Бұл ретте сынақтан өткізіліп жатқан ғимараттың құрылымдық схемасы көлденең еден дискілерімен біріктірілген байланыстырушы қаңқа түрінде қабылданған.

Сынақтар В3 үлгідегі вибродинамикалық қондырғы арқылы бірнеше кезең бойы жүргізіледі. Оның нәтижесінде алынған мәліметтер өңделіп, тиісті талдау жасалып жатыр. Аталған сынақтың қорытынды көрсеткіштері тапсырыс берушіге жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға