Шымкентте көлік бағанаға соғылды: жүргізуші 10 метрге ұшып кетті
06.02.2025 16:16
Фото:
otyrar.kz
Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде ауыр жол апаты болды. «Мерседес-Бенц» жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша, жас жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен, - деп жазды басылым.
Жүргізуші ауыр халде шұғыл ауруханаға жатқызылды. Жолаушы да түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі болды, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

