Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте клиникалық аурухананың жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

04.05.2025 21:12

Шымкент қаласында №1 клиникалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, аурухананың А, Б және С корпустары мен жылу қазандығы, сондай-ақ, зертханасы күрделі жөндеуден өтуде.

Бүгінде жөндеу жұмыстары тек Б корпусында жалғасып жатыр. Аурухананың басқа бөліктерінде жұмыс аяқталып, олар пайдалануға берілген.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.