Жаңалықтар

Шымкентте «Халықтық бренд» көрмесінде түрлі этнос өкілдері өз өнімдерін ұсынды

Шымкентте «Халықтық бренд» көрмесінде түрлі этнос өкілдері өз өнімдерін ұсынды
09.12.2018 10:09 1898

Шымкент қаласындағы Достық үйінде ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі» тақырыбында жиын өтті.

Шара барысында Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген ұлы жетістіктер жайы кеңінен сөз болды. 

Жиында ШымкенШт қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов осы жылдар ішіндегі қол жеткізілген жетістіктерді тілге тиек етті.

«Биыл біз Ел Тәуелсіздігінің 27 жылына аяқ басқалы отырмыз. Осы жылдары Ассамблея елімізде бейбітшілік пен мызғымас татулықты орнықтыруда бітімі бөлек институт болып қалыптасып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосты. Бүгінде миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынып, жаңа жобалар іске асуда. Осы бағыттағы инвестиция тарту мен халыққа қызмет көрсететін салаларда кәсібі бар ассамблея мүшелері осындай бастамаларға барынша жұмылып, ортақ отанымызды көркейтуге лайықты үлес қосып келеді», - деп атап өтті Л. Асанов.

Мерекелік шара аясында «Халықтық бренд» тақырыбында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Оған кәсіпкерлікпен айналысып жүрген түрлі этнос өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер өздері өндіріп жатқан тауарларды жұртшылық назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті.

Көрмеде көпшілік заманауи үлгідегі аяқ киімнің 200 түрлі моделін өндіретін «СП «Lux SHOES» фабрикасының өнімдеріне ерекше қызығушылық танытты. Түркия кәсіпкерлерімен бірлесе жұмыс істеп жатқан шымкенттік кәсіпорын өнімдері таяуда шетелге де экспортталмақ. Фабрика басшысы Захид Ергашев осындай берекелі бастамалар еліміздегі тұрақтылық пен этносаралық татулықтың арқасында мүмкін болып отырғанын алға тартты.    

Іс-шарны қорытындылаған қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов пен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының бөлім меңгерушісі Ербол Байқонысов еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлесі қосып жүрген шымкенттіктерге алғыстарын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға