Жаңалықтар

Шымкентте кене шағып алған ер адам көз жұмды

Шымкентте кене шағып алған ер адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.07.2024 05:46 748

Кене шағып, Конго-қырым қанды геморрагиялық қызбасынан ер адам қайтыс болды. 61 жастағы азамат Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасында көз жұмған. Медициналық қызметке тым кеш жүгінген науқастың өмірін ақ халаттылар қанша тырысқанымен құтқара алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ontustik.tv-ге сілтеме жасап.

Кене шағуынан қауіпті вирус жұқтырып, қаза тапқан адам Түркістан облысының тұрғыны. Марқұм Сайрам ауданында мал бағып, күнелткен. 18 маусым күні аса ауыр жағайда жансақтау бөліміне түсіп, 21 маусымда көз жұмған.

Түркістан облысының тұрғыны өте ауыр жағдайда түсіп, қаза болды. Өте кеш болды, ауруының төртінші күнінде түсті. Бізге келгенде ол кісінің барлық жағынан қанау белгілері байқалды. Екінші жағдай Шымкент қаласының тұрғыны, ол 12 жасар бала. Жатқанына сегіз күн болды, протокол бойынша 14 күн бақылап, үйіне шығарылады. Қазіргі жағдайы ораша ауыр, - дейді Инфекциялық аурухананың бас дәрігері Бақтығали Ережепов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға