Шымкентте КАМАЗ жүргізушісі көлікке қысылып қалды
01.07.2023 10:41
Фото:
ТЖД баспасөз қызметі
Шымкенттік құтқарушылар автокөлікке қысылып қалған жүргізушіні аман алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Абай ауданы, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдында жер асты жүру жолын салу орынында болған. «КАМАЗ» жүк көлігі бетонға соқтығысқан.

Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, нәтижесінде көлікке қысылып қалған 1989 ж. т. көлік жүргізушіні арнайы авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен шығарып алды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болған, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

