Жаңалықтар

Шымкентте кафелердің бірінде атыс болды

Күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр
Шымкентте кафелердің бірінде атыс болды
Фото: zhardem.kz 07.10.2022 15:25 1338

Шымкенттегі кафелердің бірінде атыс болып, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«7 қазан сағат 4:30 шамасында әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде», - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер «ВАЗ-21014» автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапқан. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға