Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
05.03.2019 06:16 2642

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері бас қосты. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында еліміздің барлық аймағында бір мезетте өтіп жатқан іс-шарада аналардың ел дамуына қосып жатқан үлесі кеңінен сөз болып, көпбалалы аналарға мерекелік сый-құрмет көрсетілді. 

«Қадірлі аналар, Сіздерді алда келе жатқан төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біздің қоғамымызда әйелдер отбасының береке-бірлігін нығайтумен қатар, қоғамның барлық саласына белсене араласып келеді. Елімізде көпбалалы аналар саны бойынша біздің қаламыз алдыңғы қатарда. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көпбалалы отбасыларды, халықтың әлсіз топтарын нақты қолдау және оларға баспана беру жайы айтылды. Қала әкімдігі тарапынан да әлеуметтік қолдау шаралары артуда. Ендеше, елдің өсіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып отырған яулы жандар аман болсын», - деді мерекелік жиында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева. 

Жиын соңында қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов бір топ көпбалалы аналарға мерекелік сый-сияпат жасады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

ТӘЖІКСТАНДА «ШЫМКЕНТ» КӨШЕСІ БАР

ТИМУР ДЖУМУРБАЕВ: ЖАСТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ АРНАЙЫ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ 13 ЖАСТАҒЫ АСПАЗШЫ VIII ПАЛАУ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЕҢ ҮЗДІК АТАНДЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға