Жаңалықтар

Шымкентте із-түссіз жоғалған 8 жасар бала табылды

Шымкентте із-түссіз жоғалған 8 жасар бала табылды
Фото: © Polisia.kz 15.09.2023 12:17 625

Шымкентте із-түссіз жоғалған 8 жасар бала табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай АПБ-ның “102” арнасына жергілікті тұрғын көмек сұрап хабарласты. Ол өзінің 8 жастағы ұлы із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізді.

Түскі ауысымда оқитын 2-сыныптың оқушысы күнде таңертең футболдан жаттығуға барады екен. Әдеттегідей балаларды таңғы 8:00-де арнайы автобус алып кету қажет болған. Алайда жеткіншек сол көлікке үлгермей, спорт үйірмесіне дейін өз бетінше жаяу жетуді ойлаған. Осылайша белгісіз жаққа бағыт алып, қала көшелерінде адасып кеткен.

Бұл туралы баланың әкесіне жаттықтырушы хабарласып, оқушының дайындыққа неге келмегенін сұрағанда бірақ білген. Осылайша кішкентайының өміріне қатты алаңдаған әке бірден полицияға хабарласқан.

Жоғалған баланы іздеуге Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді. 1 сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде әбден жылаған бүлдіршінді учаскелік полицей үйінен 5 шақырым жерде адасып жүрген жерінен тапты. Баланы аман-есен әкесіне тапсырды. Өз кезегінде жергілікті азамат тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға