Жаңалықтар

Шымкентте интернет арқылы порнография таратқан қылмыстық топ басшысы сотталды

Шымкентте интернет арқылы порнография таратқан қылмыстық топ басшысы сотталды
Фото: © Polisia.kz 29.05.2023 10:54 768

Шымкентте интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырушысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот оны 12 жылға бас бас бостандығынан айырды.

Polisia.kz мәліметінше, криминалдық полицияның жедел уәкілдері онлайн трансляция жасайтын порностудияны 2021 жылдың шілдесінде анықтаған. Тергеу нәтижесінде Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындарының ізіне түссе, оның ішінде 5 Қырғызстан және 5 Қазақстан азаматы бар.

Олар үш мегаполистегі жалдамалы пәтерлерде ұсталды. Тінту кезінде күдіктілерден 44 мың АҚШ доллары көлемінде ақша және Алматыдағы жылжымайтын мүлік пен есірткі де тәркіленді. Ірі қалалардағы жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-порно-студия бар екені анықталды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде екеуі кәмелетке толмаған. Бұл – онлайн режимде жұмыс істеген Қазақстандағы порностудияны анықтаудың алғашқы жағдайы.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің бес бабына сәйкес 9 айдан астам уақыт бойы жүргізілді, оның ішінде (Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді дайындауға тарту), (Ұйымдасқан топты құру және басқару), (Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) және (Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және олардың айналымы немесе порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуы), – дейді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Әбуов.

Осылайша ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Әлішер Шаршеналиев қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды және оның қылмыстық тобының мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға