Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Гүлдер жәрмеңкесі» өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, «Астана» алаңында ұйымдастырылған мерекелік жәрмеңкеге 20-ға жуық кәсіпкер қатысып, сан алуан гүлдерді, әсем безендірілген гүл шоқтарын ұсынды.
Ерекше безендірілген аумақтағы жәрмеңке келушілерге мерекелік көңіл күй тарту етуде. Қала тұрғындары мерекеге орай әсем гүлдердің саудасын қыздырып, көктемнің шырайын сезінуде, - делінген мәліметте.
Жәрмеңкеге қатысушы кәсіпкерлер бірыңғай ақ шатырларда жұмыс істеуде, олардан тазалықты сақтау талап етіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

