Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
06.01.2025 00:11
Фото:
polisia.kz
Тексеру кезінде полицейлер «синтетика» салынған 50 орама тәркілеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, координатын мессенджерде хабарлап отырған.
Тексеру кезінде полицейлер олардан «синтетика» салынған 50 орама тауып, тәркіледі. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды, - делінген мәліметте.
Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

