Шымкенттік өрт сөндірушілер кафедегі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асар шағын ауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт орын алды.
Өрт сөндірушілер келген кезде кафеден қалың қара түтін шығып жатты. Нөлдік көріну мен жоғары температураға байланысты өрт сөндірушілерге өрт ошағын анықтау қиынға соқты. Өрт сөндірушілердің кәсіби және батыл әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермей, өртті жоюға мүмкіндік туды. Белгілі болғандай, жертөледе автомобиль бөлшектері мен майлар жанған.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

