gov.kz

Шымкентте діни бейтараптық мәселесі талқыланды

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен “Жедел-жәрдем станциясының” медицина мамандарына “Жат ағым жалған жарнама” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Кездесуде 25 адам қамтылды, деп жазады El.kz интернет порталы.

Кездесуді  Шымкент  қаласы  дін  істері  басқармасына  қарасты  «Дін мәселелерін  зерттеу  орталығы»  КММ-нің   теолог-маманы  Аманкелді Нұрдәулет  жүргізіп,  қатысушыларға   радикалды   діни   ағымдардың  белгілері,  олардың  медицина  саласына  ықпал  ету  тетіктері  және зайырлы қоғамдағы рухани қауіпсіздіктің маңызы туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Кездесу барысында қаралған негізгі тақырыптар:

  • Радикалды ағымдардың кәсіби ортаға таралу тәсілдері;
  • Қызмет барысында діни бейтараптықты сақтау қағидалары;

Кездесу  сұрақ-жауап  форматында  өтті.  Қатысушылар  белсенділік танытып, нақты әрі ғылыми негізделген жауаптар алды. Шараның мақсаты – жедел жәрдем қызметкерлерінің діни танымын арттыру және радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады.