Жаңалықтар

Шымкентте Дендросаябақ басшысы қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Шымкентте Дендросаябақ басшысы қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: Facebook/Дәурен Ерғарин 21.06.2024 17:12 515

Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.

Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа берілді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға