Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды
01.01.2025 20:05
Фото:
instagram.com/akimat_shymkent
Шымкентте жаңа жылға орай берілген демалыс күндері қоғамдық автобустардың жүру уақыты ұзарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың 1-4 қаңтар аралығында қалада 80 тұрақты қалалық маршрут мейрам және демалыс күндері 666 кесте бойынша қызмет көрсетеді. Бұл автобустар қала аумағындағы барлық шағынаудандар мен тұрғын алабтарды 100% қамтиды. Автобустар таңғы сағат 6:30-дан бастап кешкі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар 71 бағыт 21:00-ге дейін, 9 бағыт 23:00-ге дейін жүреді. Олар: №12, 17, 27, 35, 74, 84, 103, 113, 126 маршруттар,-делінген әкімдік хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

