Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ «ОФАРИН» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ «ОФАРИН» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
15.07.2019 11:56 5352

Шымкентте қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен дәстүрлі «Офарин-2019» өнер фестивалі өтті. 

005.jpg

Шымқалада 1992 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан мәдени іс-шара биыл Қазақстандағы Жастар жылына арналды. Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан айтулы шараға бұл жолы шымкенттік өнерпаздармен қатар көршілес Өзбекстан Республикасынан танымал әншілер қатысты. 

Фестивалге қатысушылар ел бірлігі, достық, махаббат тақырыптарында ән шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Іс-шараның ашылуында Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлі шараның мән-маңызына кеңінен тоқталды. 

a9X9VgkHypkwAdGm3TcRzxqXjWfzDeiuy7iirYMzHrX2NLWm6ibky1TUBukejvBc7Yb63E18kvJ1.jpg

«Шымкентте өткен жылы жаңадан құрылып, жұмысын бастаған өзбек этномәдени бірлестігі осындай игі шараларға үнемі ұйытқы болып, өнерге құштар таланттарға тұрақты қолдау көрсетуде. Биылғы Жастар жылы аясында өткізіліп отырған фестиваль тасада жүрген талай таланттарды танытуға сүбелі үлес қосумен қатар, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді деген сенімдеміз, - деді Ербол Байқонақов. 

a9X9VgkHypkwAdGm3TcRzxqXjWfzDeiuy3oTNu4uPBsjp5PnA1bLXdNweVYd9exmJr8iN374fcbm.jpg

Ал Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов өз кезегінде елімізде өмір сүріп жатқан барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасалғанын айта келіп, барша қазақстандықтарға береке-бірлік тіледі. 

Фестивальдің барлық қатысушыларына қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты және арнайы статуэткалар табыс етіледі.

006.jpg

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға