Шымкентте биыл көпқабатты 38 үй жөндеуден өтеді
16.02.2024 06:40
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
Шымкентте биыл модернизациялық бағдарлама аясында көпқабатты 38 үй жөндеуден өтеді. Тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, былтыр қаладағы көпқабатты 37 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылған.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.
Оқи отырыңыз:
- Шымкентте 80 мың оқушыға берілетін тамақ талапқа сай болмай шықты
- Шымкентте биыл мыңнан астам адам қысқа мерзімді кәсіптік білім алады
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

