Шымкентте Біріккен Араб Әмірліктерінің бас консулдығы ашылады
Шымкент қаласында Араб Әмірліктерінің бас консулдығы ашылады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Шымкент қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, аталған мәселе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігмен және БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе жүргізілмек.
Ерлан Қыдыровтың сөзінше, Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік әлеуетін таныстыру мақсатында сыртқы байланыстарды дамытудың маңызы зор. Осы ретте, шетелдік дипломатия өкілдерімен және компаниялармен де біршама нәтижелі кездесулер өткен. Қазіргі таңда Шымкент 10 қаламен бауырлас қатынас орнатса, жыл соңына дейін қосымша 7 қаламен ынтымақтастық құру жоспарланған. Оның ішінде Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзербайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары бар.